Алматы облысының жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бау-бақшаны дамыту мақсатында қандай шаруалар атқарылып жатқанын айтты.
«Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендімізге айналуы керек. Бұл өңір алмадан басқа да түрлі жеміс-жидек өсіретін бау-бақшасымен танымал. Оны дұрыстап дамытса, облыс елімізді жеміс-жидекпен қамтамасыз етумен қатар, оны экспорттай алатыны сөзсіз.
Алматы қаласының іргелес тұруы да – қолайлы фактордың бірі. Қазір менің тапсырмам бойынша шаһардың азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр.
Бұл бастама жүзеге асса, облыстың ауыл шаруашылығы тың қарқынмен дамиды», -деді Мемлекет басшысы.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: mail.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через