Алматылықтар жыл соңына дейін метрода 5 теңгемен қатынай алады

Алматылықтар жыл соңына дейін метрода 5 теңгемен қатынай алады
фото: tengrinews.kz

31 желтоқсанға дейін Алматы метрополитені жолақыны ұялы телефон арқылы төлейтіндерден әдеттегі 100 теңгенің орнына 5 теңге алады. 

Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, кез келген банктің Mastercard картасы байланыстырылған Google Play, Apple Pay немесе Samsung Pay қосымшалары арқылы метроға контактісіз ақы төлеуге болады.

метро

Жол ақысын төлеу үшін метроның кіреберісіндегі турникет тұғырында орналасқан брендті оқу құрылғысына белсендірілген қосымшасы бар ұялы телефонды қосу жеткілікті.

метро

«Жалпы, метрода жол ақысын бірнеше тәсілмен — қолма-қол ақшамен, картамен, метро және Оңай жол картасымен төлеуге болады. Демеушілердің бастамасымен жыл соңына дейін алматылықтар метроға бес теңге төлеп, діттеген жеріне жете алады. Төлем мобильді құрылғы арқылы іске асады. Басқа тәсілдермен төленген жол жүру құны өзгеріссіз қалады — 100 теңге», — деп атап өтті Алматы қаласы метрополитенінің кірістер жинау қызметінің басшысы Жазира Баймұхамедова.

Алматыда жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде қала метросында жылжымалы құрамның саны өсті.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаланың қарбалас кезінде метрополитен желісінде енді 5 минут 38 секунд жиілікпен 11 жылжымалы құрам жүретін болады.

"Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгені ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фото: Алматы метрополитені. matritca.kz