Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау көрсеткіші артқан.
Биыл қаңтар-ақпанда елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық.
Айта кетсек, өткен жылы (қаңтар, ақпан) 435 қылмыс тіркелді, жылдық өсім 8,5%, деп жазды Finprom.kz ресурсы.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбіне Алматы мен Астанада тіркеледі. Әр қалада 51 жағдай бойынша, тиісінше 2% және 6,3%.
Сондай-ақ, жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында Қостанай, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бар.
Ал ШҚО, Абай және Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы сирек тіркеледі.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 37,4% пара беру арқылы жасалады. Ол бойынша жыл басынан бері 164 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45,1%-ға көп.
Сонымен қатар пара алу да кең жайылған, сыбайлас жемқорлық саласындағы алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру және парақорлық жағдайы артқан.
Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамдардың саны 301-ге жетті. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,4%-ға көп.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото qarmaqshy-tany.kz, ortalyq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через