фото: bangkokbook.ru
Алматыда қала тұрғындарын шет тілдеріне оқыту жобасы басталады, деп хабарлайды Standard.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жоба қатысушылары шет тілдерін тегін оқи алады.
Сабақ қала саябақтарында бейресми жағдайда өтеді. Жас санаты – 6 жастан 60 жасқа дейін.
Курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Таңдау көп: 15 шет тілі бар.
Оқу біткен соң барлық белсенді қатысушыға сертификат беріледі.
Осы маусымда 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерінен басқа саябақтарда қазақ тілі сабақтары өтеді.
Жобаны Алматы әкімдігі, жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через