Алматылық дизайнер қазақ матрешкасын жасап жүр

Алматылық дизайнер қазақ матрешкасын жасап жүр
фото: https://sputnik.kz

Алматылық дизайнер қазақ матрешкасын жасап жүр

Алматылық Мәдина Темірғалиева ұлттық нақышта матрешка жасап, табыс тауып жүр. Оның туындыларына сұраныс жоғары.

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі мамандығы бойынша дизайнер, бірақ қолөнерге бұрыннан бері қызығып жүр. Әсіресе, ағашты өңдеуге қолы шебер қыз қазақ матрешкаларын шығаруды қолға алды.

Ұлттық нақышта жасалған бұйымдар сүйкімді образымен көз тартады. Біреуі торсық ұстап тұрса, енді біреу қымызға толы кесе ұсынып тұрған сияқты. Мәдина матрешкалардың алты сериясын жасап шығарды.

Әрбір серияда бес дана матрешка бар. Қазіргі кезде ол тағы екі сериясын әзірлеп жатыр. Шетелдік  туристер  арасында  қазақ  матрешкаларына сұраныс  жоғары. Қазақстандықтар  да  жақсы  алады.

"Адамдарды ата-бабамыздың музыкалық мұрасымен таныстырғым келеді. Менің матрешкаларым қолында домбыра, қобыз және тағы басқа аспаптарды ұстап тұрады. Үй жануарларымен бірге жасасам деген ойым да бар. Өкінішке қарай, қазір үй жануарларына қатыгездікпен қарау оқиғалары аз емес. Осы проблемаға қоғам назарын аудару керек", - дейді Мәдина Темірғалиева.

Көрмеге келетін адамдар қазақ матрешкасының жанынан өтпейді. Бәрі қызығып, қолымен ұстап көруге тырысады. Өз ұсыныстарын да айтады.

Мәселен, ер адамдардың матрешкасын жасауға ұсыныс жасады. Мәдинаға идея ұнап қалды. Жақын арада матрешка-батырлардың сериясы шығып қалуы әбден мүмкін.

Мәтіндегі ақпарат туралы