Алматылық бойжеткен өзін ренжіткендерді қолға түсірген полицейлерге алғысын білдірді

Алматылық бойжеткен өзін ренжіткендерді қолға түсірген полицейлерге алғысын білдірді

Алматылық бойжеткен өзін ренжіткендерді қолға түсірген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Standard.kz.

К. есімді азаматшаның айтуынша, белгісіз бес азамат оны тонап кеткен. Содан кейін, олардың екеуі қызды қорлаған.

 Өзімнің жағдайыма қарамастан мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Бір күннен кейін бес күдікті де ұсталды және қамауға алынды. Мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына кәсіби біліктілігі, нақтылығы, адамгершілігі үшін алғысымды білдіремін. Сол сәтте олардың қолдауы мен үшін маңызды болды. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді Алматы қаласының тұрғыны.

Бөлімшенің мәліметінше, тонау және зорлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер Конституцияң нормаларына сәйкес жария етілмейді. 

Polisia.kz