фото: https://pixabay.com/ru/
Orbis Manufacturing ("Orbis Kazakhstan" компаниялар тобының еншілес кәсіпорны) Yibin Kaiyi Automobile Co., Ltd автомобиль концернімен меморандумға қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат Orbis Manufacturing компаниясының Қазақстан Республикасында KAIYI маркалы автокөліктерді шығару құқығын растайды.
"Меморандумда қытайлық өндіруші Orbis Manufacturing компаниясына толық циклді технологияны (CKD) пайдалана отырып, KAIYI автомобильдерін шығаруды жүзеге асыруда толық қолдау көрсететінін қарастырады", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, KAIYI корпусты дәнекерлеу және бояумен толық циклді өндіріс үшін барлық қажетті техникалық құжаттаманы қамтамасыз етеді, сонымен қатар қолдау көрсету және процесті бақылауды қамтамасыз ету үшін техникалық мамандарды жібереді. Сондай-ақ KAIYI тиісті техникалық және кадрлық қолдау көрсетеді.
"Біз Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялық автокөліктерін шығаруды ұйымдастыруға шамамен 72 миллиард теңге инвестиция құйып жатырмыз. Біздің жобамыз Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға көмектесетініне және қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілетуге және сауданы дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз", - деді Orbis Kazakhstan президенті Сухраб Махмудов.
Автомобиль зауытының құрылысы биылғы жылдың екінші тоқсанында басталады деп күтілуде. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) бойынша жұмыстар аяқталды. Зауыт кешені Алматының индустриялық аймағында салынады. Зауыт кешенінің өндірістік қуаты жылына 80 мың автокөлікті құрайды.
Бұған дейін Қостанайда Chevrolet Onix автокөліктерінің шағын торапты өндірісі (CKD) ресми түрде іске қосылғаны хабарланды.
Жоба жылына 30 мың автокөлік шығаруға арналған. Инвестициялар 33,7 миллиард теңгені құрады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через