фото: https://sputnik.kz
Алматыдағы көтерме базар мемлекетке қайтарылды
Алматының экономикалық соты Barys IV базарын мемлекетке қайтаруға шешім шығарды. Себебі көтерме базар заңсыз жекешелендірілген.
Бұдан 9 жыл бұрын "Найза-БН" фирмасы мемлекеттен Barys IV базарын сатып алған болатын. Келісімшарт Алматы қалалық жекешелендіру және мемлекеттік мүлік департаментімен жасалды. Ал бағасын бес есе төмен көрсеткен. Көтерме базарды 307 миллион теңгеге сатып жіберді. Прокурорлар мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тануды талап етті.
Өйткені мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар жасалған. Сотта барлық дәлел расталды. Департамент өкілі де базардың төмен бағамен сатылғанын, ал жекешелендіру кезінде мемлекет мүддесіне нұқсан келгенін мойындады.
Ал "Мемлекеттік мүлік туралы" заңның 112-бабына сәйкес, сатып алушыға заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге тыйым салынған.
"Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату фактілері расталды. Судья талап арызды қанағаттандыру және "Найза-БН" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды", - делінген ресми хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через