Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "AlanParking" ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық тергеуді аяқтады. Олар 436 млн теңге қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.
Агенттік мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілді.
“Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС 70% үлесін және "AlanParking" ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шаралар қабылдады”, – делінген хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через