Алматыдағы Абай және әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

Алматыдағы Абай және әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады
фото: inform.kz

Биыл мегаполисте 200 шақырымнан асатын 230 көше орташа жөндеуді қажет өтеді. Негізгі магистральді көшелер Абай және әл-Фараби. Әкімдік БАҚ өкілдеріне жолдардың жаңа технологиямен қалай салынып жатқанын көрсетіп, жол жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай даңғылында жөндеу жұмыстары

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев журналистермен кездесуде биыл Абай даңғылының бойындағы жөндеу жұмыстары Достық даңғылынан Тілендиев көшесіне дейін жүргізілетінін айтты. Оның ұзындығы 7,3 шақырым.

«Абай даңғылы бойында жеке жолақ бар екенін білесіздер, бұл жолаққа екі қабат асфальтбетон жабыны төселеді. Төменгі қабаттың қалыңдығы 6 сантиметр, үстіңгі қабаты 5 сантиметр», - деді спикер.

Оның айтуынша, биыл пилоттық форматта асфальтбетон құрамына полимерлерді қолдана бастады. Полимер жұмсарту температурасын 65-70 градустан жоғары көтереді.

«Полимерлердің қиыршық тасқа төзімділігі әдеттегі қиыршық тас-мастикалық асфальтқа қарағанда 10 есе жоғары. Биыл Алматыда алғаш рет полимерлі асфальтбетон төсеп жатырмыз», - деді Сағындық Телібаев.

Полимерді пайдалану бойынша пилотты жоба қаланың 15 магистральдық көшесінде (әл-Фараби, Тілендиев, Байзақов, Абай, Тұрғұт Озал, Саин, Төле би, Шаляпин, Манас, Қалдаяқов, Құрманғазы, Жұмалиев, Шагабутдинов, Досмұхамедов, Түркебаевта) іске асуда.

Жалпы ұзындығы 44 км болатын бұл магистральды көшелер 2008 жылдан 2015 жыл аралығында жөнделді. Ел бойынша регламентке сәйкес Алматы қаласының (IV) жол-климаттық аймағын ескере отырып, орташа жөндеудің жөндеу аралық қызмет мерзімі 5 жыл. Сонымен қатар, жаңа әдістің арқасында төсемнің төзімділігі артады, бұл жолдарда ойықтардың пайда болуына жол бермейді және жөндеу аралық мерзімді қазіргі 5 жылдан әрі қарай ұзартады, сарапшылардың пікірінше, 8-10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Нормативтік талаптарға сәйкес, асфальтбетон 40 градустан төмен суыған жағдайда ғана бұл көшелердегі қозғалысты іске қоса аламыз. Бұл кезде асфальтбетон жабынының қаңқасы қалыптасады, ол беріктікке ие болады және кейіннен ойықтар пайда болмайды. Сондықтан тұрғындардан көшенің жабылуына түсіністікпен қарауды сұраймын, егер біз сапалы жолмен жүреміз десек, осы нормативтік талаптарды сақтауымыз керек», - деді ол.

Еуропалық тәжірибе көрсеткендей: асфальтбетон жабыны тұрақты және жақсы нәтиже көрсетуі үшін жол бойындағы көлік қозғалысын тоқтату қажет. Қазақстандық сарапшылар жолдардың сапасын жақсарту үшін осы тәжірибені қолдануды ұйғарды. Полимерлі қоспалар үшін беріктік жинау және қатайту уақыты орта есеппен 36 сағат.

«Абай даңғылы бойындағы жұмыстар батыс және шығыс бағытта жүргізілуде. Екі мердігер компания тартылды, себебі 7,3 шақырым. Біз алдымызға Абай даңғылының бойындағы орташа жөндеуді 26 тамызға дейін аяқтап, кептеліс тудырмас үшін жаңа оқу жылына көлік қозғалысын ашу міндетін қойдық», - деді Сағындық Телібаев.

Баспасөз туры барысында Сағындық Телібаев журналистерге Абай және әл-Фараби даңғылдарының қазіргі асфальтбетон жабынының жай-күйін көрсетті. Ол орташа жөндеу жүргізілмегенде биыл бұл жолдарда үлкен шұңқырлар пайда болатынын тілге тиек етті.

Әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарның барысы

Биыл әл-Фараби даңғылы Асқаров көшесінен Достық даңғылына дейін орташа жөндеуден өтіп жатыр. Оның ұзындығы 9,3 шақырым. Бүгінгі күні Асқаровтан Жароковқа дейін асфальт төселді.

«Бүгін түнде әл-Фараби даңғылының Жароков көшесінен Есентай ауданындағы көпірге дейінгі бөлігін жауып тастаймыз. Бұл учаскеде полимерлі асфальтбетон төселіп жатыр. Мұнда жұмыстың құрылымы мынадай: алдымен оңтүстік жағын аяқтаймыз, содан кейін батыс бағыттан солтүстікке қарай жылжимыз. 29 тамызға дейін орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Сағындық Телібаев.

Алматыда асфальтбетон қоспаларының құрамында полимерді қолдану туралы шешім отандық және шетелдік ғалымдармен бірлесіп қабылданды. Әлемнің әртүрлі елдердің тәжірибесі қарастырылды.

Спикер Абай және әл-Фараби даңғылдарын жөндеуге бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгенін атап өтті.

Бордюрлерді ауыстыру

Сағындық Телібаев жол жиектерін ауыстыруға қатысты тұрғындардың арыз-шағымдарына да жауап берді.

«Көптеген тұрғын сұрақ қояды, неге біз жаңа бордюрлерді жаңасына ауыстырамыз? Шындығында, егер назар аударсаңыз біз бұрын орнатылған бордюрлерді түзетіп, содан кейін қайта орнатамыз. Абай учаскесіндегі жаңа бордюрлердің саны 1 пайыздан аспайтынын атап өткім келеді. Ал әл-Фараби даңғылы бойындағы бордюрлердің жалпы ұзындығы 25 мың метр болса, оның тек 3 пайызы ғана жаңа болады», - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа бордюрлер Абай даңғылы бойындағы жаңа қауіпсіздік орындарына оратылады. Бұрын Абайдың бойында мұндай қалталар болмаған.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, көше-жол желісін орташа жөндеу жұмыстары былтыр аудан әкімдіктері және тұрғындардың өтініштері бойынша қалыптасты.

Қала бюджетінде осы жылы ұзындығы 200 км 230 көшені жөндеуге 20 млрд теңге қарастырылған.

«Жалпы, ағымдағы жөндеу жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін ағымдағы 86%-дан 89%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото inform.kz