Алматыда «Желтоқсан – тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды

Алматыда «Желтоқсан – тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды
фото: ulan.kazgazeta.kz

Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды. 

Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Соның біразы көрмеге қойылған. Деректі материалдар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар сол қаһарлы күндерден сыр шертіп тұр. 

желтоқсан

Көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айгүл Мусинаның айтуынша, экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Әзербайжан Мәмбетовтің көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері де бар. 

желтоқсан

«Көрмеге келушілер өз көздерімен Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар, ату жазасына кесу туралы үкімі, әкесінің жоғарғы сотқа жазған хаты, сондай-ақ Ербол Спатаевтың, Мырзақұл Әбдіқұлов, Бауыржан Шұғылов тағы басқа Желтоқсан қаһармандарының фотосуреттерін көре алды», - дейді ол.

Ресми деректерге сүйенсек, бейбіт шеруге қатысамыз деп келген 30 мыңнан астам адамның 8 515-ін құқық қорғау органдары ұстаған. 

желтоқсан

желтоқсан

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: Музейден