Алматыда жауын кезінде 102 орынды үнемі су алып кетеді. Бұл туралы Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді.
Жауын кезінде қаланы су басудың негізгі себептері – жауын-шашын желісінің жоқтығы, кәріз желісіне қосылмаған, қоқысқа толған және бітелген арықтар мен коллекторлар, су ағызу құбырлары диаметрінің су ағынының күшіне сәйкес келмеуінен.
«Қазіргі таңда қалада диаметрі 500 мм су ағызу құбырлары пайдаланылады. Олар келіп түскен су көлемін игере алмайды. Осы мәселені шешу мақсатында диаметрі 1 метрлік құбырлар орнатылып жатыр. Осылайша, су ағызу құбырларының өткізу қабілеті екі есеге артып отыр», - деді Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының м.а. Серік Әділбаев.
Сондай-ақ басқарма мамандары апаттық қалпына келтіру жұмыстары барысында ұзындығы 1,5 мың шақырым арық желісі бойы 1 464 жерде тұйықталғанын, 16 коллектордың 12-сі істен шыққандығын анықтады.
«Жыл соңына дейін 31 су басу орнын жойып, 8 коллектор мен 3 каналды жөндеу жоспарланған»,- деп хабарлады басқармада.
Фото: yvision.kz, voxpopuli.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через