фото: видеодан алынды
Алматыда полиция мен жастар арасында жанжал шықты.
Әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғаны тарап жатыр. Кадрдан жас жігіттер мен полицейлер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын көруге болады.
«Алматыда жол полиция қызметкерлері патрульдік іс-шара кезінде көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Ал жастар қарсылық көрсетіп, полицияға шабуыл жасаған. Олар тәртіп сақшыларының бірінің ернін жаралап, мұрнын сындырған», - делінген жазбада.
Қалалық полиция департаменті видеоға мас күйінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған ер адамдарды ұстау фактісі түсірілгенін мәлім етті.
«Төрт адам Toyota Camry жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік жасады. Ол да мас күйінде рульге отырған – бұл өзгелерге қауіп төндірді деген сөз. Оқиғаға қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады полициядан.
Сондай-ақ ведомстводан полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталғанын атап өтті.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через