фото: Алихан Сариев
Қарқынды дамып келе жатқан технологиялар адам өмірін өзгертіп жатыр. Мәселен, тойын ерекше етіп өткізуді қалаған алматылық жас жұбайлар некелесу рәсімінде жасанды интеллект қолданды.
Айбол Қалыбаев пен оның жұбайы Алина Instagram парақшасында үйлену тойындағы әдеттен тыс некелесу рәсімінің видеосын жариялады.
"Маркетолог болғандықтан, біз үйлену тойымызда ерекше бір нәрсе ойлап тапқымыз келді әрі нейрожелінің артықшылықтарын пайдаланбау біртүрлі болар еді.Сондықтан әлемде бірінші рет (тексердік) неке қию рәсімін Жасанды интеллект жасады", – делінген видеоның жазбасында.
"Үздік коллаборация: қазақ тойы мен жасанды интеллект", – деп жазыпты жас жұбайлар.
- Қызық, ерекше екен.
- Фантастика! Сендер шынымен керемет екенсіңдер.
- Құттықтаймыз. Күтпеген жайт, тамада мамандығынақауіп төніп тұр. Бейнекөрініс астына осындай пікірлер жазылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через