Алматыда үш көше ұзартылып, жаңа метро бекеттері ашылады

Алматыда үш көше ұзартылып, жаңа метро бекеттері ашылады

Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Төле би және Жұбанов көшелері ұзарады.

Абай даңғылы ауданның әкімшілік орталығынан қала шекарасына дейін 600 метрге ұзартылатын болады. Ол үшін 73 жер учаскесін сатып алу қажет, 41 учаске сатып алынды, қалғандары 2023 жылдың соңына дейін құрылыс барысында алынады.

Қазір Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Биыл Алматы қаласының әкімдігі инженерлік коммуникацияларды қайта орнатып, «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің жанынан жол төсеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы жылдың соңына дейін Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қаланың шетіне дейін ұзарту жобасы аяқталады. Осы аталған жобаларды орындау көлік ағымын азайтады және Наурызбай ауданының мегаполистің іскерлік орталығымен көліктік қатынасын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, биыл Наурызбай ауданында «Шұғыла» және «Тастыбұлақ» шағын аудандарында 14,5 км жолды жөндеу және «Ақжар» шағын ауданындағы 89 көшеге 45 км жол төсеу жұмыстары басталды.

Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы көлік инфрақұрылымы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Метроның 2 жаңа станциясын іске қосу жоспарланған, сондықтан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың батыс бөлігіндегі маршруттық желіге оптимизация жүргізу қарастырылады. Осылайша, Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады, қазіргі 5 маршрут күшейтіледі, бұл көлік қызметін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан. Метроны 2025 жылға дейін салып бітіру көзделіп отыр.

Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері маусым айында ашылады.

Фото: tengrinews.kz, vlast.kz, baigenews.kz