фото: ortcom.kz
Ұлттық домбыра күніне орай Алматыда тұңғыш рет алпысқа тарта өнерпаздың шеруі өтті . «Алатау» дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары Абай атындағы опера және балет театрынан Арбатқа дейін ән айтып, думандатып қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шараға театрдың әнші, күйшілері, тіпті бишілері жұмыла ат салысқан. Олар қос ішектің бірін қатты, бірін сәл кем бұрап, құлақ құрышын қандыратын көпке таныс туындыларды орындады. Өнерпаздар ұлы мұрамызды ұлықтайтын айтулы күнге бір ай бойы дайындалған, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Аяулым Құнанбай, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының өнерпазы:
Бұл шерудің ең ерекшелігі – жүріп бара жатып ән орындаймыз. Көшедегі халық әр аспаптың үнін және орындаған әндерді тыңдай алады. Әртүрлі әндер бар: халықтың көнеден келе жатқан әндері және заманауи әндер де орындалады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через