фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыдағы №1 троллейбус паркі ұзындығы 12 метр болатын төмен еденді Yutong троллейбустардың бірінші партиясын алды.
Жылжымалы құрам 11 жыл бұрын жаңартылған болатын.
Сол кезде қала Қытайдың Neoplan Youngma маркалы троллейбустарын алған еді. Ұзақ уақыт пайдаланғандықтан олардың тозығы жетті.
Бүгінде Алматыға 55 троллейбус жеткізілді. 18 қарашасынан бастап №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 бағыттарда 19 жаңа жылжымалы бірлікті іске қосу жоспарланған.
Қалған троллейбустар техникалық дайындықтан өткен соң жолаушылар тасымалдауға шығады. 90 орындық кабинада бейнебақылау жүйесі, телефондарды зарядтауға арналған USB қосқыштары және қуатты кондиционер бар.
Жаңа көлікті сынап көрген жүргізушілер оның маневрлік қабілетінің жоғары екенін атады. Бұл Алматы көшелерімен жүруге өте ыңғайлы.
Жаңа троллейбустардың барлық партиясы жыл соңына дейін жеткізіледі.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через