Алматыда сырғыма түсті

Алматыда сырғыма түсті
фото: Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда көлемі 10 текше метр болатын лай сырғыма түсті.ТЖМ мәліметінше сырғыма Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түсті.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын мен топырақтың батпақтануы себеп болды.

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің айтуынша, аталған учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы нөсер жауын мен заңсыз салынған құрылыс салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні түскен болатын.

ҚазАқпарат