Ашық су қоймаларындағы суға ай сайын микробиологиялық, санитарлық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіш бойынша зертханалық бақылау жүргізіледі.
Алдағы жазда екінші санаттағы 30 ашық су қоймасынадағы суға микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге зертханалық бақылау ай сайын жүргізіледі. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гауһар Қаткенова.
Қала әкімдігінің «Алматы қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, мегаполисте шомылуға арналған 4 аймақ айқындалды:
- Үлкен Алматы көлі – «Баум тоғайы» жағажайы;
- Үлкен Алматы көлі – «Гүлдер» жағажайы» демалыс аймағы;
- Алмалы ауданының шығыс жағындағы Сайран көлі – жағажай Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр, көлдің батыс жағы Әуезов ауданы – жағажай оңтүстік бағытта Төле би көшесінен пирске дейін 300 метр.
«Алдағы жазда ай сайын мамыр-қыркүйек аралығында микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге Сайран көлінен, сондай-ақ су берілген жағдайда Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының да суы тексеріліп отырады»,- деді Гауһар Қаткенова.
Айта кетейік 2017 жылдан бастап Үлкен Алматы көліне су берілмейді және 2018 жылдан бастап Құлжа - Рысқұлов жолайырығының құрылысы басталды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через