фото: pixabay.com
Алматыда Сергек камераларының бір жылда бюджетке қанша ақша түсіргені белгілі болды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда 7 мыңнан аса "Сергек" камерасы жұмыс істейді. Жақында ғана жаңаларымен толықтырылды. Енді камералар адамның көзінен жақсырақ көреді және көліктегі ең ұсақ бөлшектерді түсіре алады.
Алматы ПД мәліметінше, "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйелері 2023 жылы жалпы сомасы 12 миллиард 879 миллион теңге болатын 1 847 765 заңбұзушылықты тіркеген.
Алматы полициясы Алматы көшелеріндегі "Сергек" автоматтандырылған кешенінде қазіргі уақытта мынадай заңбұзушылық түрлері тіркеліп жатқанын хабарлады:
- жылдамдықты асыру;
- тұтас сызықты кесу;
- қосарланған тұтас сызықты кесіп, кері бұрылу;
- белгіленбеген жерде тұраққа қою/тоқтау;
- бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту.
Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында қауіпсіздік белдіктерін тақпау және жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермеу тіркеледі.
Сондай-ақ, жақын арада алматылық "Сергектер" бағдаршамның сары түсіне өтетіндерді тіркеуі мүмкін. Наурыз айының басынан бері Астанада мұндай заңбұзушылық түрін камералар түсіре бастады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через