Алматыда «Сергек – Патруль» қосылды

Алматыда «Сергек – Патруль» қосылды

Полиция алматылық көлік айдаушылардың әрекетін жаңа «Сергек – Патруль» кешені арқылы қадағаламақшы.

«Бұл функционал мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апат деңгейін төмендетуге бағытталған.   Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Камералар мен жоғары интеллект көмегімен кешен қажетті көлікті көп көлік ағыны ішінен анықтайды, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді.

Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жалған нөмір еместігіне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың болуына, ұрлыққа және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріледі». Шұғыла Тұрлыбек.

Бағдарлама қоғамдық көлікке арналған жолақтарда жол ережелерін бұзу деректерін де түсіреді.

«Жаңа автоматтандырылған кешен өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты. Жабдық тәуліктің қараңғы уақытында, қолайсыз ауа-райында және аязда жақсы жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық кешен «Қорғау» мобильді қосымшасымен біріктірілген», - деді Шұғыл Тұрлыбек.

Фото: nur.kz