фото: https://pixabay.com/ru/
Бұл өзгерісті Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қабылдады.
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Күн тәртібінде "Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту" мәселесі қаралды. Халық қалаулыларының алдында Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Мирас Гайсин баяндама жасады.
Алматы қаласы әкімдігінің тарапынан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару үшін қажетті инфрақұрылымда дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. 2024-2025 жылдары сомасы 10,4 млрд теңге болатын 2905 контейнерді ауыстыру жоспарланған. Біздің есептеуіміз бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға қажетті жылдық тариф – 3303,9 теңгені, ал бір адамға айына – 718,5 теңгені құрады. Жаңа өзгеріс қабылданған жағдайда адам басына төленетін бұрынғы тарифтен айырмашылығы 165 теңгені құрайды. Яғни, 30%-ға көбейді , – деді ол.
Айтылған ұсынысты Алматы қаласының мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Енді алматылықтар 1 мамырдан бастап жаңа тариф бойынша төлем жасайды.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через