фото: Светлана Ромашкина
Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктерде, яғни автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы өсті.
Соған орай картамен немесе SMS код арқылы төлегенде, 100 теңге болса, ал қолма-қол төлеу кезінде жолақысы 200 теңгеге жетті. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді.
Тегін жүруге кімдер құқылы?
- ҰОС қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі жандар,
- 75 жастан асқан зейнеткерлер,
- бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар,
- 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар,
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері,
- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.
Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?
50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңге болады. Оған мына адамдар құқылы:
- жалпы білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушылары,
- техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары,
- күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
- зейнеткерлер,
- көпбалалы аналар,
- он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар.
Дереккөз tengrinews.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через