фото: inbusiness.kz
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа Бостандық ауданының тұрғыны автобус жүргізушілерінің үстінен шағымданды.
Айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілері рульде отырып телефонмен сөйлеседі, балағаттайды, темекі шегеді.
«Автобус жүргізушілері өздерін дөрекі ұстайды, біздің өмірімізге қауіп төндіреді. Тәртіп қашан болады?»,- деп сұрады Бостандық ауданының тұрғыны.
Мегаполис әкімі бұл мәселенің екі жағы бар екенін айтты.
«Бұл мәселенің екі жағы бар. Бірінші, тарап қызмет көрсету сапасына байланысты. Қалада бір ғана мемлекеттік оператор – «Алматыэлектротранс» және 24 жеке оператор бар. Бізде жеке операторларға қатысты түскен шағымдар жетерлік. Мемлекет басшысы Алматыға келген соң индустрия министрлігіне, көлік комитетіне тасымалдау жөніндегі қолданыстағы шарттарды қайта қарауды тапсырды, демек жауапкершілік артады деген сөз. Жауапкершілік барлығына қатысты болады, жүргізушілерге де, автобустың жағдайына да. Күзде ережелер өзгереді деп үміттенеміз және біз олардан барлық қажетті заттарды ресми түрде талап ете аламыз. Яғни, біз барлық операторларды – жеке және мемлекеттік операторларды – халыққа қызмет көрсетудің бірыңғай деңгейіне жеткізгіміз келеді»,- деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, тағы бір мәселе – жүргізушілер тапшылығы мен оларға тиісті жағдайдың жасалмауы.
«Екінші жағы. Бізде бұрылатын пункттер жоқ. Биыл 10-пункт, ал келесі жылы тағы 10 пункт ашамыз. Демек, жүргізушілерге маршрут аяқталғаннан кейін демалуға мүмкіндік туады. Жүргізушілердің тапшылығына қатысты мәселе де өзекті. Біз олардың жеткілікті санын жинай алмаймыз, үміткерлерге тиісті біліктілікті алу қиынға соғады. Тағы бір себеп жатақханалардың болмауы, себебі жүргізушілердің 80 пайызы Алматыда тұрмайды. Сондықтан біз жүргізушілер азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді талап ету үшін жағдай жасағымыз келеді»,- деп түсіндірді мегаполис басшысы.
Ерболат Досаевтың сөзінше, барлық қолда бар факті бойынша әкімдік, қалалық мобильділік басқармасы қажетті шараларды қабылдауға дайын.
«Жолаушылардың шағымдары бойынша айыппұлдар жағдайды өзгертпейді. Сіз дұрыс байқағансыз, жүргізушінің жұмысы өте жауапты. Автобуста жолаушылар көп болған кезде жүргізушілердің еңбек жағдайлары мен жалақылары да соған лайық болуы тиіс»,- деп түсіндірді қала әкімі.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото inbusiness.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через