фото: https://sputnik.kz
Алматыда қаржы пирамидасы анықталды – қандастардан жүздеген банк картасы тәркіленді
Алматы қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырға төрт адам ұсталды. Барлығы Қытай Халық Республикасынан көшіп келген.
Екеуі "қандас" мәртебесімен Қазақстан азаматтығын алған, тағы екеуінің тұруға ықтиярхаты бар.
Күдіктілер интернетте "Лазада групп" компаниясын жан-жақты жарнамалаған. Ал байланысққа шыққан адамдарға ақшаны криптовалютаға салып, капиталды ұлғайтуға ұсыныс жасады. Оларға сеніп қалғандар көп болып шықты, кейбіреулер миллиондап ақша салған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар, шын мәнінде, дивидендерді төлеуді ойлаған да жоқ.
Төртеуі Ақкент шағын ауданындағы пәтерде ұстады. Мәселе үш қыз бен бір жас жігіт туралы болып отыр. Топтың жетекшісі – 26 жастағы қыз. Екі кішісі 20 жаста, араларында бір жігіт те бар.
"Жалға алынған пәтерді тексеру кезінде әртүрлі адамның атына ашылған 60-тан астам банк картасы, төрт ұялы телефон, sim-карта мен ноутбуктар тәркіледі. Бұдан бөлек, банктік карта шоттары мен құпия сөздері бар бес дәптер табылды. Қазіргі уақытта бірқатар қылмыстарға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді полицейлер.
Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында әрбіреуінің рөлі анықталады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через