Алматыда қараусыз қалған мысықтарға үйшік жасалды

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға үйшік жасалды
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға арналған үйшіктер орнатылуда. Бұл ретте Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Әкімдіктің мәліметі бойынша жоба «Animal Security» қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп «Жануарлармен жауапты қарым-қатынас туралы» Заңды іске асыру аясында демеушілік қаржы есебінен іске асырылуда.

photo

«Қараусыз қалған мысықтарға арналған баспана мысықтарды күтетін, тазалықты қамтамасыз ететін және дезинфекциялайтын тұрғындар арасында жауапты кураторлар болған кезде беріледі. Бүгінде Алматыда қоректендіргіштері бар 20 үйшік орнатылды, өндірісте тағы 50-ге жуығы бар. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден тазартылған, сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Орнатылған үйшіктердің одан әрі тазалығы мен сақталуын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қадағалауға міндеттенеді», - делінеді хабарламада.

photo

Қаланың әр ауданында жануарларға мониторингті ерікті негізде зообақылау ұйымдарының ішінен кураторлар жүзеге асырады. Қазіргі уақытта жануарлар кураторларының үйлестірушісі «Animal Security» ҚҚ, оның басшысы – Наталья Сульжик болып табылады.
Үйшіктерді орнатуға төмендегі телефон нөмірлері арқылы қоғамдық ұйымдарға өтініш беруге болады:
1. Медеу, Алатау және Жетісу ауданы: Наталья Сульжик
+7 (777) 666 25 52;
2. Бостандық ауданы: Владимир Тепляков +7 (701) 432 36 47;
3. Алмалы ауданы: Ирина Михайлова +7 (701) 711 83 81;
4. Әуезов ауданы: Зинаида Савенкова-Кушманова +7 (707) 267 19 57;
5. Наурызбай ауданы: Наталья Кравцова +7 (701) 750 09 84, Аля +7 (705) 180 70 19;
6. Түрксіб ауданы: Виктория Ворструхина +7 (777) 040 89 39.

Еске салсақ, Алматыда қараусыз қалған жануарларға арналған үйшіктер орнату бойынша пилоттық жоба алғаш рет биыл наурыз айында басталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo

«Жоба қала тұрғындары арасында көптеген оң пікірлер тудырды. Бүгінде жануарларды қорғау қорларына 500-ден астам өтінім келіп түсті. Қоғамдық зообақылау ұйымдарының жоспарларындағы келесі кезең - қараусыз қалған иттерге арналған питомниктерді орнату жобасы болады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

photo