Алматыда «Қара шапан» мүсіні орнатылды

Алматыда «Қара шапан» мүсіні орнатылды

Алматыда «Қара шапан» ерекше арт-нысаны орнатылды.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қара шапан» мүсінін қазақстандық суретші Сырлыбек Бекботаев жасады. Үш метрлік шапан күйдірілген металдан өріліп жасалған. Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр.

Автордың айтуынша, бұл мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан - мәдени код. Ол қазақ және Орталық Азия мәдениетіне бағыттайды, онда көшпенділер құрмет, бірлік және өзара түсіністік символы ретінде шапанмен алмасқан.

photo

Алматы әкімдігінің қолдауымен суретшінің шығармашылық идеясын жүзеге асыруға меценаттар көмектескен.

Қаланың жаңа арт-нысанын Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан көруге болады.

photo

 

photo

 

photo

 

photo

Дереккөз ҚазАқпарат.