Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады
фото: Standard.kz

        Алматыда 16 ақпан таңертеңнен 17 ақпан түнге дейін жауын жауып, арты қалың қарға ұласады. Ауа температурасы минус 20 градусқа дейін төмендейді.

        «Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, 17 ақпан -14, түнге қарай - 22 градусқа дейін төмендейді. Тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.

        Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы атап өткендей, түнгі уақытта көктайғақтың алдын алу мақсатында дислокация орындарында 176 құм таратқыштың кезекшілігі жоспарланған. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

«16 ақпанда қарды тазалау және 17 ақпанда түнгі кезеңде қарды жаппай сыртқа шығару бойынша арнайы техника колонналарының жүруіне байланысты автокөлікті жол жиектеріне қоймауды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Қаз Ақпарат