Жол және көлік

Бөлісу

Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін түстен кейін қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК ескертуі негізінде 10 қаңтар күні Алматыда таңертең, түстен кейін қалың қар жауып кейде тұман, көктайғақ болатынын мәлімдеді.

Осыған орай, қалалық ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

«Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы», - делінеді хабарламада.

Фото: gurk.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через