Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде алматылықтар атап өтетін Қала күнін мерекелеуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Қала әкімімен кездесуге келген Алмалы ауданының тұрғыны алматылықтарға мереке ұйымдастыруды ұсынды.
«Пандемияға байланысты алматылықтар ешқандай мерекені тойлаған жоқ. Екі жыл үйде отырды. Ауру мен жақындарын жоғалту тұрғындарды әбден шаршатты. Бізге мейрам сыйлаңызшы. Қала күнін тойлайық»,- деп сұрады Алмалы ауданының тұрғыны.
Ерболат Досаев биыл Қала күніне орай іс-шараларды өткізудің бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.
«Биыл қыркүйек айында қала күнін тойлаймыз. Оның аясында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Дүйсенбі күні бағдарламаны бекітеміз»,-деп жауап берді қала басшысы.
Фото: Яндекс
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через