Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жүретін болғандықтан, республиканың түпкір-түркінен Алматыға студенттер келе бастады. Өздерінің оқу орнынан жатақхана ала алмағандар пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Алайда жалға беретін үйлердің бағасы шарықтап кеткен. Оған ауыл аймақтан келген студенттердің қалтасы көтермейді. Әлеуметтік желіде белсенді жастар дабыл қағуда.
Олар пәтер бағалары шектен тыс 50-70 мыңға дейін артқанын айтады. Мысалы Алматыда екі бөлмелі пәтердің бағасы 250-280 мыңға дейін өскен. Амал жоқ тұру керек болған соң, студенттер 4-5 бала бірігіп пәтер жалдауға тура келеді. Үй таппай жүргендері қаншама?!
Жатақхана барлық студенттерге жете бермейді. Әдетте әуелі бірінші курс студенттері мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына беріледі.
Әрине пәтерді жалға берушілер бағаны тым қымбаттатуы сұраныстың көптігінен деп отыр мамандар. Әсіресе жаңа үйден пәтер жалдау қиын. Былтыр мұндай болған жоқ. Өйткені студенттер онлайн түрде оқыды. Көпшілігі қалаға келген жоқ. «Пәтерді жалға берушілер былтыр кеткен есесін биыл қайтарып алғылары келеді», – дейді риелторлар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через