фото: sputnik.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Алматының орталық қалалық клиникасында АИТВ (ВИЧ) жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеріс бастады, деп хабарлайды ведомство.
"Осы факті бойынша ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеріс бастады. Комиссияның құрамына министрліктің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылды", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Қосымша ақпарат комиссия жұмысының қорытындысы бойынша беріледі.
Бұған дейін ЖИТС орталығының мамандары Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтағаны хабарланған болатын.
Осыған қатысты шұғыл комиссия құрылды. Комиссия АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізіп, донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар тексерілді. Зерттелгендердің барлығында теріс нәтиже шықты.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через