фото: Хабар 24
Оның ұзындығы жарты шақырымға созылып жатыр.
Стрит-арт галереясын Оспанов көшесінен тамашалауға болады. Авторлардың идеясы бойынша, қабырғадағы суреттер қазақ әліпбиінің әріптерін бейнелейді. Барлық 42 таңба тұтас сюжеттік композицияға енген. Сонымен қатар арт-нысанда қаланың көрікті жерлері бейнеленген. Ұйымдастырушылар бұл жобаға «Бірінші қабат» деген ат қойыпты. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы және ең ұзын заңды граффити салуға болатын орын.
Айта кетейік, қабырғаға кез-келген суретші сурет сала алады. Бірақ алдымен эскизді арнайы әкімшілікте бекітіп алу керек.
Кристина Бекмырзаева, жоба жетекшісі:
- Әлемдік тәжірибеде үлкен қалаларда стрит-арт суретшілеріне заңды қабырға жасап беру жиі кездеседі. Мұндай қабырғаларды Барселона, Берлин сияқты шаһарларда кездестіруге болады. Дегенмен, біздің жоба әлдеқайда ауқымды. Креативті индустрияны қолдауға бағытталған зор қадам деуге болады. Себебі мұндай форматтағы кеңістік бұрын-соңды болмаған. Мысалы, Қастеев мұражайы бар. Түрлі галереялар да бар. Дегемен стрит-арттың инфрақұрылымы енді ғана пайда болды.
Ақпарат дереккөзі:24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через