фото: zakon.kz
Алматы көпқабатты тұрғын үй өртеніп, оның видеосы желіде тарады. Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады. Ал кейбір тұрғындар жоғары қабаттан балаларын лақтыруға мәжбүр болды, оларды төмендегілер кілемнің көмегімен қағып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.
Тұрғындар түсірген видеоны мына сілтемеден көруге болады: https://standard.kz/ru/post/pozar-v-mnogoetazke-almaty
Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері де өртенген.
"Сағат 18-00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызыл жалын қамтыған аудан нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды".Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өрт шамамен сағат 19.00 сөндірілді. Сол жерде қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 3 автосаты бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через