Инфрақұрылым және күнделікті өмір

Алматыда өрт шықты

  Алматыда өрт шықты

Өртті сөндіруге 81 қызметкер мен 24 техника жеткізілді. Тілсіз жау сағат 7:44-те ауыздықталып, 8:19-да толықтай сөндірілді

  Алматыда қоймалар өртке оранды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 87Г мекенжайы бойынша болған.

Өрт сөндірушілер сағат 4:44-те қоймаларға жетті, делінген ведомство ақпаратында. Олар 5 минуттан соң оқиға орнына барды. Жалынның көрші қоймаларға ауысу қаупі бар екенін анықтады.

Оқиға орнында штаб жасақталды, төрт учаске құрылды. Өртті сөндіру үшін авиация күші тартылды.

81 қызметкер мен 24 техника жеткізілді. Тілсіз жау сағат 7:44-те ауыздықталып, 8:19-да толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы қоймаларға таралуына жол бермеді.

Өрт аумағы мен себебі анықталып жатыр.




Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру