фото: dknews.kz
«Мыңжылқы» кемпинг-аймағы – тау демалысын, трекингті, хайкингті және серуендеуді ұнататындарға арналған жазғы лагерь.
Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалуы үшін шатырлар, орындықтары бар үстелдер және ұлттық стильдегі «алтыбақан» әткеншектері орнатылды.
Туристерді тартудың жаңа нүктесі Кіші Алматы өзенінің бастауында теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан. Маңайында Мәншүк Мәметова атындағы көл мен Амангелді шыңы бар.
«Біз туристер үшін жаңа автобус бағыттарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір кемпингтің орны тақырыбы мен сипатына сәйкес келетін өзіндік бірегей дизайны бар. Кемпинг аймақтары туралы барлық ақпарат карта платформаларына, соның ішінде 2GIS-ке қосылады», - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
«Мыңжылқы» - Алматы қаласы Туризм басқармасы ашқан тоғызыншы кемпинг аймақ. Биыл жыл соңына дейін туристік инфрақұрылымды дамыту аясында ҮАК-да кемпинг аймақ құрылады.
Алматы Туризм басқармасы демалушыларды табиғатты аялап, тауда қоқыс тастамауды сұрайды, сонымен қатар жаяу серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
- Тауға шыққанда, туыстарыңызға маршрутыңыз туралы хабарлау қажет.
- Ауа райына сай киініңіз, теріңізді күннен қорғаңыз. Өзіңізбен бірге қажетті жабдықтарды, бас киім, ас-су және портативті зарядтағышпен зарядталған телефонды алыңыз.
- Арнайы белгіленген жолдан шықпаңыз.
- Құтқару қызметінің SMS ескертулерін қаперге алыңыз.
Дереккөз dknews.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через