фото: "Алматы метрополитені" КМК баспасөз қызметінен
Алматылықтар үшін жағымдыы жаңалық! Алдағы қыркүйек айынан бастап метродағы пойыздардың жүру аралықтары 6 минутқа дейін қысқарады. Діттеген жеріне тез жетуді және уақыт үнемдеуді көздеген жолаушыларға өте ыңғайлы болар еді, деп хабарлайды Standard.kz порталы.
Мегаполисте қоғамдық көліктің сапасы мен жылдамдығына қойылатын талаптар өсіп келе жатқандықтан Алматы билігі осындай қадамға барып отыр.
«2022 жылдың мамыр айында 2 жаңа станция ашылғаннан кейін жолаушылар ағыны 2,6 есеге, яғни күн сайын 35 мың адамнан 90 мыңға дейін өсті. Санаулы күндерден кейін 3 жылжымалы құрам қосылады, бұл пойыздардың қозғалыс аралығын 6 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, метроның мегаполисте сұранысқа ие болуы жерасты маршруттары желісінің ұлғаюымен жолаушылар ағынының өсуін дәлелдейді.
Айта кетсек, 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысын аяқтау жоспарланған, қазіргі уақытта батыс бағытта «Барлық» базарына дейін 3 жаңа станцияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через