фото: pixabay.com
Алматы метрополитені 26 қаңтар күні таңертең қаладағы метроның неліктен жұмыс істемегенін түсіндірді.
Әлеуметтік желіде метро маңына жиналып қалған адамдардың видеосы тарады.
«Таңғы сағат 7:30-да метро жұмыс істемеді, көп адам жиналды. Себебін білмеймін», - деп жазды желі қолданушы.
Алматы метрополитені жағдайды түсіндірді.
26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысынан ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды.
«Осы орайда барлық бекеттерде пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ. Мамандар жұмыс жасап, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келді. Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз»,- деп хабарлады метрополитенінен.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через