фото: sputnik.kz
Алматыда полиция маугли-балаларды тапты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Медеу ауданындағы пәтерлердің біріне ювеналды полиция инспекторы бірнеше күн бойы кіре алмаған. Бұл пәтердің 1982 жылғы тұрғыны полиция тіркеуінде тұрған.
"Біз бұл отбасын осы жылдың мамыр айында есепке қойдық, ол Павлодардан көшіп келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шыққысы келмеді. Жағдайдың жақсы еместігін сезіп, тағы тексере бастадым. Бірақ есікті ешкім ашпады", - дейді Медеу ауданы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Айжан Бұтабаева.
Инспектор 8 тамызда тағы келіп есік қағады.
"Үйден дыбыс естілді, бірақ ешкім есікті ашпады. Оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, ТЖД қызметкерлері және қамқоршылық өкілдерін шақырдық. Есік мәжбүрлі түрде ашылды. Әйел үйде орташа дәрежелі мас күйде болды. 2016 жылы туған қыз, 2018 жылы туған ұл және 2020 жылы туған тағы бір ұл болды. Үйде тазалық мүлдем жоқ. Балалардың жағдайы тым төмен. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар қолдау орталығына дереу жеткізілді", - дейді Медеу ауданы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор, полиция капитаны Айжан Бұтабаева.
Медеу аудандық полиция басқармасы басшылығының айтуынша, 18 тамызда әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через