фото: sputnik.kz
Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус шығады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толыққан, қалған 70-і жақын арада келеді.
"Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев биыл қосымша 600 жаңа автобус сатып алынатынын мәлімдеді.
"Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Халық шағымының дені қоғамдық көлік жұмысының сапасына, атап айтқанда кейбір қолданыстағы маршруттардың жайсыздығына және жоспарлы қозғалыс аралығын сақтамауға қатысты. Сондықтан біз бұл мәселелерді шешуді қолға алып жатырмыз", - деді ол халықпен кездесуінде.
Әкімдіктің ақпаратынша, қалған 500 автобусты сатып алуға шарт жасалды.
Алматыда барлығы 2 мыңнан аса автобус, 163 маршрут, 24 тасымалдаушы жұмыс істейді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через