Алматыда крематорий құрылысының аяқталу мерзімі тағы шегерілді

Алматыда крематорий құрылысының аяқталу мерзімі тағы шегерілді

Алматыда крематорий құрылысының аяқталу мерзімі тағы шегерілді

Медициналық қалдықтар және көз жұмғандардың мәйітін өртеуге арналған крематорийді пайдалануға беру 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланған болатын.

Кремторий құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласының қолайлы қала ортасы басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді.

"Нысанды біз крематорий деп атамаймыз. 2020 жылы біз патологанатомиялық бюроны пайдалануға бердік. Бұл ЖЭО-2-ден оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл нысан сол патологанатомиялық бюроның филиалы. Оның функционалдық мақсаты – биологиялық және медициналық қалдықтарды утилизациялау", - деді Сапар Нұрашев. Спикер қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді.

"Нысан ішіндегі жабдықты қосу-реттеу бойынша монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жабдықты Чехия Республикасынан алдырдық. Қазір өндіруші компанияның өкілдері келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді Сапар Нұрашев.

Ол 2021 жылдың соңына дейін нысан дайын болады деп сендірді.

Оның айтуынша пандемия кезінде медициналық бетперде, костюмдер, пакеттер, шприцтер, ПТР-тест алуға арналған құралдар сынды биологиялық қалдық саны артқан.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы