фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының жасыл желек қоры 320 мың ағашпен толығады.
Алматыда қалалық көгалдандырушылар жасыл желектерді отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгін 23 459 ағаш отырғызылды: Медеу ауданында – 2000 ағаш көшеті, Жетісу ауданында - 3070, Түрксіб ауданында - 3900, Алмалы ауданында - 7000, Әуезов ауданында - 2489, Бостандық ауданында - 3500, Алатау ауданында - 1500. Наурызбай ауданында 10 мың көшет. Жаппай ағаш отырғызу жұмыстары 30 қазанда басталады. Алдымен отырғызатын орындар дайындалып, шұңқырлар қазылады.
Биыл Алматы қаласының жасыл қоры 320 мың жасыл желекпен толығады, оның 22 мыңы көктемде отырғызылды, 298 мыңы күзге жоспарланды.
Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты шегіршін, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен скверлерге - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылып жатыр Ағаштың бұл түрлері тығыз өсіп, саялы көлеңкеге айналып, ластанған ауаны жақсы ұстайды.
Көшеттерді уақытылы суару үшін отырғызу орындарында автоматты ылғалдандыру жүйесі орнатылған. 2023 жылы қабылданған жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау ережесінде отырғызылған ағаштарға 3 жылға дейін күтім жасауды қамтамасыз ету жеткізушілерге жүктелген. Жасыл желектерді тиімді суару және көшеттердің тамырланып өсіп кетуі үшін биыл су жинағыштың құрылысы мен реконструкциялау жұмыстары басталды.
Almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через