Алматыда конькиді қай жерде тегін тебуге болады

Алматыда конькиді қай жерде тегін тебуге болады

Қала әкімдігі Zakon.kz редакцияcының сауалына жауап беріп, қысқы ойын-сауық әуесқойлары қай жердегі мұз айдынына тегін бара алатынын айтты.

Қазір Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт тегін мұз айдыны бар:

  • Тұңғыш президент саябағының алдындағы мұз айдыны
  • Республика сарайының алдындағы мұз айдыны
  • Мұз айдыны Әуезов ауданы, МД. Таугүл, Ықылас көшесі, 8д
  • Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы мұз айдыны, Шұғыла шағын ауданы, 347 үй.

Келесі аптада Түрксіб ауданындағы №6 Оқушылар үйінің алдында, Сейфуллин, 13 және Жетісу ауданындағы Гүлдер саябағында мұз айдындары ашылады.

Бұл мұз айдындарына кіру тегін.

Бір сеансқа екі сағатқа конькиді жалға алу құны 1000 теңге. Жеке конькимен келгендер үшін мұз айдыны тегін.

Жалға беру пункті ұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдыны тәулік бойы ашық.

Фото: pediatriccenterofroundrock.com