Алматыда коммуналдық желілердің 60 пайызы тозған

Алматыда коммуналдық желілердің 60 пайызы тозған
фото: https://sputnik.kz

Алматыда су, жылу, электр энергиясы желілері мен қорлары тозған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының энергетика және сумен қамту басқармасының бөлім басшысы Нұрбақыт Серікбай айтты.

Алматыда сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілер мен қорлардың 50%-дан астамы, жылу және электр энергиясымен жабдықтау желілерінің 60%-дан астамы тозған.

"Апат тіркелген жоқ, дегенмен жабдықтың тозуы салдарынан 2015 жылдан бастап жылу энергетикасы саласында қондырғылар істен шыққан, I және II дәрежелі ақаулар пайда болды. 2017 жылдан бері істен шыққан жабдықтардың саны қысқарып келе жатқанына қарамастан, аталған фактілер өзгеріссіз қалып отыр", - дейді Нұрбақыт Серікбай.

Сала мамандары желілер тозғанымен, тариф көтерілмегенін атап өтті. Сумен жабдықтау және су бұру салалары халыққа 2019 жылғы тарифпен қызмет көрсетіп келеді.

Қазақпарат