Алматыда коммуналдық қызметкерлер нөсермен қалай күресіп жатыр

Алматыда коммуналдық қызметкерлер нөсермен қалай күресіп жатыр
фото: https://pixabay.com/ru/

       Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

       Алматыда жауын-шашын түсуіне байланысты түнгі уақытта арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. шаңц құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шықты. Құм салынға 2,3 мың қап дайындалды.

       Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше 16 сәуір сағат 07:00 су басқан аумақ тіркелмеген.

       Күндізгі ауысымда 425 және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

       Baq.kz