Алматыда көлік көпірден құлап кетті: екі жолаушы ауыр жағдайда жатыр

Алматыда көлік көпірден құлап кетті: екі жолаушы ауыр жағдайда жатыр

Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап бірнеше адам зардап шекті, екі адамның жағдайы ауыр, - деп хабарлайды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, апат салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілген.

"Төрт зардап шегуші бас сүйек-ми жарақаттарымен, әртүрлі дәрежедегі сынықтармен және көгерулермен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген көмектен кейін олардың біреуі тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емделуге жіберілді, үшеуі ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы алған жарақаттарына байланысты ауыр деп бағаланып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.