Алматылықтардың салықтық қарызы 5 млрд теңгеге жуықтады. Бұл туралы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Мегаполисте автокөлік құралдары бойынша салық берешегін өндіріп алу мақсатында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Жеке сот орындаушыларының қаулысы бар борышкерлердің автомобильдері «Сергек» камераларының көмегімен анықталады және берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.
«Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,9 млрд теңгеден асты. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың үлкен көлемі 4000 текше см-ден асатын автокөліктерге тиесілі. Бір апта ішінде жиырмадан астам көлік, соның ішінде «Porshe cayenne», «Toyota Land Cruiser», «Mercedes-Benz E» класты көліктер айыппұл тұрағына жекізілді»,- деп атап өтті қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.
Департамент өкілдері автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша жайсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.
Салық берешегін МКК «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен және өз бетінше www.kgd.kz интернет-ресурста, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында тексеруге болады.
Фото ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через