Алматыда көктайғақтан құлап ауруханаға түскендер саны 200-ден асты. Олардың басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. 11 тұрғынды үсік шалған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.
Олардың мәліметінше, жыл басынан бері қатты аязда үсіп қалған бір адам көз жұмды. Оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Дәрігерлердің сөзінше, аяз кезінде сыртқы киім мен аяқ киімге ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, суық күндері бірінші кезекте балалар мен қарт кісілерді үсік шалуы мүмкін. Сондықтан мамандар аяз күндері сыртта көп жүрмей, барынша сақтануға кеңес беріп отыр.
Дереккөз qazaqstan.tv. Фото: sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через