фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді.
Қала маңындағы қоғамдық көлік қызметін дамыту мақсатында Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 26 қарашадан бастап №216 жаңа қаламаңы маршруты іске қосылады.
Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус жүретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында Басқарма 2023 жылы 25 елдімекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 7 маршрут іске қосылды, қалған 2 маршрут әзірленуде.
Бұдан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа маршруттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елдімекен қамтамасыз етіледі.
Almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через