Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері маусым айында ашылады.
«Маусым айында жаңа екі метроны іске қосамыз. Олар «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде.
Былтыр желтоқсан айында аталған екі метро стансасы техникалық тексеруден өткен. «Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтар үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.
«Б. Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады, 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: tengrinews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через